четверг, 11 июня 2015 г.

«1 күн ата – ана өнеркәсiбiнде»

 Мамыр айының жиырма жетiскүнi «1 күн ата – ана өнеркәсiбiнде» практикалық жобасын жүзеге асырдым.Осы жоба аясында Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң оқушыларының әрқайсысы өз ата – аналарының жұмыстарының қаншалықты маңызды екендiгiн түсiнедi және болашаққа тәжiрибе жинайды. 

   Мен өзiмнiң әкем Бiтiмхан Мараттың жұмыс орнына бардым. Ол Қарағанды Мемлекеттiк Техникалық Университетiнде жұмыс iстейдi. Оның мамандығы - математика пәнiнiң мұғалiмi. Оның қызметi – жоғары бiлiм оқу орнының оқушыларына математика пәнiн оқыту. 

   Сол күнгоның қызмет– келер емтихандарға дайындық ретiнде консультация беру және кейбiр құжаттармен жұмыс жасау. Жұмыс iстеу барысында оның жұмысының маңыздылығы мен қиындылығын анықтадым. Және жоғары оқу орнында математика пәнiнiң қиын болып келетiнiн бiлдiм. 

 Осы практика арқылы мен көп нәрсені танып, біле алдым. Осы берілген мүмкіндік үшін мен өз мектебіме алғыс айтамын. Осы әлеуметтік жобы менің болашағыма көмегі тиетіндігіне сенемін.